Осы аптада қандай спорттық шаралар өтетіні белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Туризм жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі 21-27 сәуір күндері өтетін жарыстар кестесін жариялады.

Қазақстан таэквондо федерациясы  екі жаттықтырушыны жарыстан шеттетті
Фото: olympic.kz

22-25 сәуір: Белбеу күресінен (Алыш) халықаралық турнир

Жарысқа Қазақстан құрамасынан 6 спортшы қатысады. Өтетін орны: Ашхабад қаласы, Түрікменстан. 

23-24 сәуір: Таэквондодан WT President's Cup – Asia G3 халықаралық турнирі

Қазақстан құрамасынан 15 спортшы сынға түседі. Өтетін орны: Тайань қаласы, Қытай. 

23-27 сәуір: Маунтинбайктан Азия чемпионаты

Чемпионатқа отандық 5 спортшы қатысады. Өтетін орны: Цзуньи қаласы, Қытай. 

25-28 сәуір: Дзюдодан Азия чемпионаты

Ел намысын 20 спортшы қорғайды. Өтетін орны: Бангкок қаласы, Таиланд. 

24-27 сәуір: Спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогі

Әлемдік додада 9 спортшымыз бақ сынайды. Өтетін орны: Сучжоу қаласы, Қытай. 

24-27 сәуір: Жекпе-жектен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты

Еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан спортшылар қатысады. Өтетін орны: Тобыл қаласы, Қостанай облысы. 

24-28 сәуір: Әйелдер күресінен (юниорлар мен жасөспірімдер) халықаралық турнир

Қазақстан намысын 7 спортшы қыз қорғайды. Өтетін орны: Ла-Нусия қаласы, Испания. 

25-26 сәуір: Ашық суда жүзуден Әлем кубогінің екінші кезеңі

Бұл кезеңде Қазақстан құрамасынан 4 спортшы бақ сынайды. Өтетін орны: Ибица қаласы, Испания. 

25-27 сәуір: Көркем гимнастикадан Әлем кубогі

Ел құрамасынан 8 спортшы өнер көрсетеді. Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.

25-28 сәуір: Спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңі

Бұл сында 4 спортшы бақ сынайды. Өтетін орны: Каир қаласы, Мысыр. 

26-27 сәуір: Киокушинкай-кан каратэден All Japan International Tournament турнирі

Қазақстан құрамасының 30 спортшысы қатысады. Өтетін орны: Токио қаласы, Жапония. 

26-27 сәуір: Джиу-джитсудан Grand Prix Paris Open 2025 турнирі

Жарысқа отандық 50 спортшы жүлдеге таласады. Өтетін орны: Париж қаласы, Франция.

Осыған дейін Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Словениядан жеңілгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар