17:30, 09 Ақпан 2024 | GMT +5
Осы демалыста боран басылып, аяз 28 градусқа дейін күшейеді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 10-12 ақпанға арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Скандинавия циклоны бірте-бірте елімізден ығысады, дегенмен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады.
Бұрқасын көтеріліп, екпінді жел соғады, көктайғақ болады.
Содан кейін атмосфералық қысымның жоғарылауымен жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды.
Температура еліміздің солтүстік жартысында түнде 20-28 аязға дейін, күндіз 15-20 аязға дейін айтарлықтай төмендейді.
Ал оңтүстік аймақтарға Иран аймағынан оңтүстік циклон келеді. Салдарынан жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады.
Жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.