Өсімдік шаруашылығы саласын қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеу жоспарлап отыр - ҚР АШМ

Министрліктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, алғашқы кездесу барысында Іскерлік кеңес қызметінің тиімді ұйымдастырылу сұрақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен ұсынылған ауылшаруашылық тауарларды өндірушілерге мемлекеттік қолдаудың жаңа түрлері талқыланды.
Іскерлік кеңестің бірінші отырысы мемлекет пен бизнес арасындағы диалог алаңы ретінде қалыптасты.
Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығын ынталандыру үшін Іскерлік кеңестің қатысушылары ауыл шаруашылық тауарын кепілді сатылымын қамтамасыз етілуіне, техниканы жаңартуға арналған лизингтік бағдарламаларды арзандатуға, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге несиелік ресурстарға қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған саланы қолдаудың жаңа механизмдерін әзірлеуді жоспарлап отыр.
Кеңес құрамында бірқатар жұмыс топтары қызмет етіп, болашақта Іскерлік кеңестің аймақтық бөлімшелерінің құрылуы жоспарланып отыр. Бұл өзімен бірге аймақтардың инвестициялық тартымдылығын жоғарлататыны сөзсіз. Жұмыс топтары инвестицияларды тарту, аймақтармен жұмыс, етті және сүтті мал шаруашылығының, астық нарығының, аграрлық ғылымның, азық-түлік белдеуінің және т.б. дамуы секілді АӨК даму бағыттарын қарастырады.
Іскерлік кеңес құрамына осы негізде сан алуан топтардың қызығушылықтармен пікірлерін біріктіруге және бірқатар сұрақтарды талқылауға мүмкіндік беретін бизнес ұйымдардың белді өкілдері шақырылды.
Іскерлік кеңестің отырысы барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков: «Қазақстанның аграрлық саласының бірегейлігі саланың барлық өндірісі жеке меншікте болуы, ал оның даму стартегиясын мемлекет тарапынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі анықтайды. Осы тұрғыда дұрыс шешім қабылдап, бірлесіп жұмыс істеу маңызды», - деп атап өтті.
Министр Іскерлік кеңестің қызметі ҚР АШМ қызметкерлерінің жұмысын жандандырады деп атап өткен. Оларды бағалау қызметтерінің негізінде Іскерлік кеңес өкілдерінің тарапынан Министрлік шенеуліктерінің рейтингтік бағасын жасауға мүмкіндік туады.
Сонымен бірге, Іскерлік кеңес өкілдері халықаралық ынтымақтастық мәселелерінде де маңызды рөл атқаруы мүмкін. Жұмыстың басты бағыты - Кедендік одақ шеңберіндегі ынтымақтастық және Біріңғай экономикалық кеңістік, халықаралық алаңдарда Қазақстанның аграрлық бизнестің мүдделерін қорғау.