Өсімнің жаңа нүктелері шағын және орта кәсіпорындар болады - Елбасы
АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өсімнің жаңа нүктелері шағын және орта кәсіпорындар болады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде интерактивтік дәріс оқыған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Біз қазіргі уақытта халықаралық экономикалық ынтымақтастыққа жаңа қадамдарды айқындаймыз. Өсімнің жаңа нүктелері шағын және орта кәсіпорындар болады. Мұның барлығы Қазақстандық жаңа индустрия үшін өте маңызды болып табылады. Біздің сыртқы саяси ведомствомыз - СІМ жұмысын дәл осы бағытта қалыптастыруы қажет», - деді Елбасы.
Бұл ретте Мемлекет басшысы елшілеріміз қабылдауларға барып, қажеті болсын, болмасын елшілік ғимаратын салумен айналыспауы қажеттігін, керісінше Қазақстанмен прагматикалық, тиімді ынтымақтасатын елдермен байланыс орнатуы қажеттігін баса айтты.