ОСК 157 халықаралық байқаушыны аккредиттеу туралы шешім қабылдады
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 16 шет мемлекет пен 4 халықаралық ұйымнан 165 байқаушы ресми тіркеуден өткен.
«Сыртқы істер министрлігінен 23 мемлекет пен 6 халықаралық ұйымның 157 халықаралық байқаушысы тіркеуден өткізуге ұсынылған болатын. Атап айтқанда, Әзербайжан, Армения, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Ирак, Испания, Италия, Норвегия, Ресей, Румыния, Сербия, Словакия мемлекеттерінен бір кандидатурадан, Канададан 2 кандидатура, Монғолиядан 2 кандидатура мен сол елдің Орталық сайлау комиссисяның төрағасы, Қырғыз Республикасы, Пәкістан, Польша және Хорватия мемлекеттерінен екі кандидатурадан, Мажарстан мен Литвадан 3 кандидатурадан, Түркиядан 3 кандидатура, Америка Құрама Штаттарынан 4 кандидатура, ТМД байқаушылар миссиясынан 77 кандидатура, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік ассамблеясынан 11 кандидатура, Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушылар миссиясынан 6 кандидатура, Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясының байқаушылар миссиясынан 20 кандидатура, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінен 2 кандидатура, Халықаралық Түркі академиясынан 3 кандидатура тіркеуге ұсынылды», - деді ОСК хатшысы.
Баяндалғанды ескере отырып, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы комиссия қаулысының жобасын қолдау ұсынылды. ОСК мүшелері қаулы жобасын қабылдау туралы шешім шығарды