ОСК ақпанда аймақтық сайлау комиссиялары үшін оқу семинарларын ұйымдастырмақшы
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш шара барысында елімізде 2011 жылы 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауды ұйымдастырудың негізгі құқықтық және тәжірибелік аспектілері талқыланып, болашақ міндеттер сөз болады.
«Сайлау науқанының барысында сайлау комиссиялары сайлауды дайындау мен оны өткізудің негізгі ұстанымдары ашықтық, жариялылық сияқты мәселелерге баса назар аударулары керек. Біз сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына да баса көңіл бөлетін боламыз. Нақтырақ айтқанда, қазір Орталық сайлау комиссиясының тапсырысы негізінде ақпараттық бейне және аудиороликтер, плакаттар мен билбордтар, өзге де бірқатар материалдар дайындалуда. Олардың барлығы еліміздің тұрғындарына сайлау барысында өздерінің конституциялық құқықтарын барынша толық пайдалануына көмек болады»,-деді комиссия төрағасы.