ОСК алғашқы халықаралық байқаушыларға куәліктер берді
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 3 сәуірге белгіленген кезектен тыс ҚР Президенті сайлауына келген алғашқы халықаралық байқаушыларға куәліктер берді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ОСК Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен және "ҚР Сайлау туралы" конституциялық заңының 20-2 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауына Франция Республикасынан 7 байқаушы мен халықаралық республикалық институттардан 2 байқаушыны аккредитациялаған болатын.