ОСК-да Қазақстан азаматтарының 5 млн.-нан астамы қол қойған парақтар тапсырылды - Бастамашыл топ жетекшісі Е. Сыдықов
sp;АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Дауыс беру құқығы бар қазақстандықтардың 50 пайыздан астамы Елбасы өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум өткізуді қолдады.
Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында бастамашыл топтың жетекшісі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Сыдықов мәлім етті.
«Біз Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан азаматтарының 5 млн. астамы қол қойған парақтарды тапсырдық. Бұл республика сайлаушылары санының жартысынан артық. Біздің бастама еліміздің барлық өңірінде және қалың бұқара арасында зор қолдауға ие болды»,- деді ол.