ОСК дауыс беру бюллетеньдеріне қатысты қаулы қабылданды

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында дауыс беру бюллетеньдеріне қатысты қаулы қабылданды.

ОСК дауыс беру бюллетеньдеріне қатысты қаулы қабылданды

Отырыс барысында аталмыш құжат бойынша баяндама жасаған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, қаулыға сәйкес 2011 жылдың 3 сәуіріне тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі сайлау бюллетеньдері орталықтандырылып дайындалуы керек. Сондай-ақ сайлау бюллетеньдерінің саны сайлаушылардың тізімдеріне енгізлген сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервін қоса алғанда 9 миллион 191 мың 977 дана болуы керек. «Сайлау бюллетеньдерін дайындауды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банкнот фабрикасы шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізеді. Сайлау бюллетеньдері облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына 2011 жылғы 25 наурыздан бастап, акт бойынша берілетін болуы тиіс. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлау бюллетеньдері 2011 жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей жеткізілуі тиіс»,-деді Б.Мелдешов.