ОСК дауыс беруге арналған ғимараттарды дайындау шараларын жетілдіруде

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін кезекті отырысы барысында 1999 жылы қабылданған
None
None

«Сайлау учаскелеріндегі, пункттердегі дауыс беруге арналған үйлерді жабдықтау туралы» қаулыға дауыс беруге арналған ғимараттарды дауыс беру күніне дайындау тәртібін нақтылау мақсатында бірқатар өзгерістер енгізді.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, енгізілген түзетулер дауыс беру және дауыстарды санау үдерісін неғұрлым айқынырақ етуді, сайлаушылар мен байқаушылар және сайлау комиссияларының мүшелері мен бұқаралық ақпаарт құралдары үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар