ОСК Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаты болатын 9 азаматтың есімдерін жариялады

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жұматай Әлиев, Мұрат Ахмадиев, Григорий Каппель, Роман Ким, Ахмед Мұрадов, Надежда Нестерова, Зухра Саяпова, Юрий Тимошенко, Розақұл Халмұрадов Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Парламент Мәжілісінің 5-інші шақырылымының депутаттары болды.

ОСК Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаты болатын 9 азаматтың есімдерін жариялады

Бүгін Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындыларын жария еткен Орталық сайлау комиссиясының мүшелері осындай қаулы қабылдады.

Отырыс барысында сайлау нәтижелері жөнінде баяндаған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша,

Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттардың арасында Жұматай Әлиев сайлаушылар даусының 91,64 пайызын, Мұрат Ахмадиев 90,45 пайызын, Григорий Каппель 91,94 пайызын,  Роман Ким 91,94 пайызын, Ахмед Мұрадов 91,94 пайызын, Надежда Нестерова 89,25 пайызын, Зухра Саяпова 89,55 пайызын, Юрий Тимошенко 91,4 пайызын, Розақұл Халмұрадов 91,34 пайызын алды.