ОСК кезектен тыс Президенттік сайлауды бақылағысы келген кез-келген байқаушыны аккредитациялау үшін толығымен ашық

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс Президенттік сайлауды бақылағысы келген кез-келген байқаушыны аккредитациялау үшін толығымен ашық.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде еліміздегі шетелдік дипломатиялық миссия өкілдеріне арнайы брифинг өткізген ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті.

«Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс Президенттік сайлауды бақылағысы келген кез-келген байқаушыны аккредитациялау үшін толығымен ашық. Өткен жолы, 2005 жылы Президент сайлауына шамамен 30 мыңнан астам отандық байқаушы және екі мыңға жуық шетелдік байқаушы қатысқан болатын. Менің ойымша, егер осы сайлауға да қызығушылық танытылса, онда бұл санның өткен жолғыдан кем болмауы керек», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Орталық сайлау комиссиясы шетелдік байқаушыларды аккредитациялау барысында олардың сайлау компанияларында бағдар жасауына жеңілдіктер беру үшін ағылшын тілінде әзірленген арнайы ескертпелер дайындап отыр. Сонымен қатар аймақтық сайлау комиссияларына және жергілікті атқарушы органдарға халықаралық, шетелдік байқаушылар үшін көмек беру орталықтарын ұйымдастыруға ұсыныс та берген.

Соңғы жаңалықтар