17:55, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
ОСК ҚХА-дан сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеді
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына 9 кандидатты тіркеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 2011 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталады. Сайлау туралы заңға сәйкес, Ассамблея Кеңесі 9 кандидат ұсынған болатын. Орталық сайлау комиссиясы олардың барлығын тіркеді.
Үміткерлердің ішінде 2 әйел бар. Кандидаттардың орташа жасы - 59 жас. Олардың барлығының жоғары білімі бар. Алтауы ғылым, мәдениет және білім салаларының қызметкерлері. Тағы 3 үміткер - төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары.
Тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт жұмысына 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап кірісе алады.