ОСК қол қою парақтарын беру мерзімін 5 күннен 2 күнге қысқартты

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидаттарды қолдап,
None
None

қол жинау парақтарын тексеру мерзімін 10 күннен 5 күнге дейін қысқартты. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының кандидаттарға қол қою парақтарын беру мерзімі де айтарлықтай қысқартылды. Енді ОСК оларды кандидаттың Конституция мен «ҚР Сайлау туралы» заңда белгіленген талаптарға сәйкестігі анықталған соң екі күн ішінде береді. Бұрын бұл мерзім 5 күн болатын. «Біз бұл өзгерістерді кезектен тыс Президент сайлауын талапқа сай өткізу мақсатында енгізіп отырмыз. Біз белгілеген мерзім сайлауды тиімді өткізу үшін жеткілікті деп санаймыз. Әрине, бұл кандидаттардан ұтқырлық пен жинақылықты талап етеді. Сайлау мерзімін қысқартқан сайлау комиссиялары үшін де тиімді. Осы өзгерістердің есебінен кандидаттардың уақыт ресурсын көбейтеміз. Сондықтан Орталық сайлау комиссиясы бұл шешімді кандидаттардың мүдделерін ескере отырып, қабылдады деуге болады»,-деді ОСК төрағасы.

Соңғы жаңалықтар