16:59, 07 Ақпан 2011 | GMT +5
ОСК қол қою парақтарын дайындауға қатысты қаулы қабылдады
АНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы кезекті мәжіліс барысында «2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында қол қою парақтарын дайындау және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылдады.
Отырыс барысында аталмыш құжат бойынша баяндаманы ОСК-ның хатшысы Бақыт Мелдешов жасады. Оның айтуынша, аталмыш қаулы бойынша 2001 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдар ұсынған сайлаушылар туралы мәліметтерге сай сайлаушылардың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын рас қолдардың саны кемінде 91 мың 10 қол белгіленді. «Қол қою парақтары орталықтандырылып дайындалуы тиіс. Орталық сайлау комиссиясы қол қою парақтарының бүлініп немесе жойылып кету мүмкіндігін ескере отырып, қажетті жағдайда қосымша парақтар беруді де жөн санап отыр», - деді ОСК-ның хатшысы.