ОСК ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссияның жаңа құрамын бекітті

АНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 2005 жылғы 31 тамызда қабылданған «ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөнінде лингвистикалық комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізіп, оның жаңа құрамын бекітті.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімінің өзі өзгерген жоқ. Ол Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамызында қабылданған «ҚР-ның Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімі туралы» қаулысымен айқындалған. Оған сәйкес азаматтардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көлемі 2 беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазу керек. Сонымен қатар лингвистикалық комиссия ұсынған көлемі 3 баспа беттен аспайтын мәтінді оқуы қажет. Бұған қоса көпшілік алдында 15 минуттан кем емес, сөз сөйлеу талап етіледі. Лингвистикалық комиссияның отырысына осы комиссияның мүшелері мен Президенттікке кандидаттан басқа Орталық сайлау комиссиясының мүшесі байқаушы ретінде қатысуға құқылы.

Лингвистикалық комиссияның шешімі комисссия мүшелері санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырыс хаттамасымен рәсімделеді. Лингвистикалық комиссияның шешімі бірден отырысқа қатысқан Орталық сайлау комиссиясының мүшесіне беріледі. Ұсынылған кандидаттардың Конституция мен «ҚР-ындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестігі анықталғаннан кейін 5 күннің ішінде Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарға азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын беруге міндетті.

Соңғы жаңалықтар