13:21, 12 Ақпан 2011 | GMT +5
ОСК лингвистикалық комиссияның сынынан өткен кандидаттарға қол қою парақтарын берді
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Президентікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі комиссияның сынынан өзгелерден бұрын өткен Президенттікке кандидаттар Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұсағали Дуамбековке қол қою парақтарын берді.
«Біз бүгін сайлаудағы саяси додаға алғашқылардың бірі болып түскелі отырмыз. Біз Орталық сайлау комиссиясына құжаттар мен емтиханды өзгелерден бұрын тапсырдық. Бұл біздің мейлінше, көбірек қол жинауымызға мүмкіндік береді. Біз қол қою парақтарын барлық аймақтардан жинап, өзіміздің күш-қуатымызды біршама шамалаған соң ғана сайлауда қанша дауыс жинайтынымызды болжауға болады»,- деді кандидат Мұсағали Дуамбеков.