ОСК М.Дуамбековты Президенттікке кандидат ретінде Конституция мен «ҚР Сайлау туралы» заңына сай деп тапты

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы Мұсағали Дуамбековты Президенттікке кандидат ретінде Конституция мен «ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес деп тапты.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Президентікке кандидат М.Дуамбеков кеше Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді меңгеруін анықтау жөніндегі комиссияға емтиханды сәтті тапсырған болатын. Енді Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған сайлау үдерістерінің мерзімін қысқарту жөніндегі шешіміне сәйкес, М.Дуамбековке екі күннің ішінде 5 мың дана қол қою парақтары беріледі. Бұдан соң кандидат өзінің қолдаушыларының қолдарын жинауға кірісетін болады.

«Орталық сайлау комиссиясы Президенттікке кандидаттарға аумақтық сайлау комиссияларына қол қою парақтарын 26 ақпаннан кешіктірмей тапсыруды ұсынып отыр. Сонда сайлау комиссиялары азаматтардың қолдарының растығын 5 күн ішінде тексеріп бітуге мүмкіндік алады»,-деді ОСК төрағасы.

Соңғы жаңалықтар