ОСК мәслихат депутаттарының сайлауына 298 адамды кандидат етіп тіркеді

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 10-шы желтоқсандағы мәліметтер бойынша, 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауына республика бойынша 5 мың 259 азамат ұсынылған.

ОСК мәслихат депутаттарының сайлауына 298 адамды кандидат етіп тіркеді

Бұл мәліметтермен бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов таныстырды.

Төраға келтірген деректерге қарағанда, мәслихат депутаттығына ұсынылған азаматтардың 556-сы облыстық және Астана мен Алматы қалаларының депутаттары болғылары келеді. Ал 3 мың 774 азамат аудандық мәслихат депутаттығынан үмітті. Сондай-ақ 919 азамат қалалық мәслихаттың депутаты болсам дейді.

ОСК осы уақытқа дейін республика бойынша мәслихат депутатының кандидаттығынан үміткер ретінде ұсынылған азаматтардың 298-ін тіркеп үлгерді.