ОСК мәслихат депутаттарының сайлауына барлығы 5 мың 66 азаматты кандидат етіп тіркеді
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Биылғы жылдың 14-ші желтоқсанындағы мәліметтер бойынша, 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына барлығы 8 мың 335 үміткер ұсынылды.
Орталық сайлау комиссиясы таратқан ақпараттарға қарағанда, ұсынылған үміткерлердің 1 мың 392-сі облыстық және Астана мен Алматы қалаларының мәслихаттарына депутат болғылары келеді. Ал 5 мың 339 адам аудандық мәслихаттың депутаттығынан, 1 мың 604 адам қалалық мәслихат депутаттығынан үмітті. Осы уақытқа дейін мәслихат депутаттығына жалпы саны 5 мың 66 адам кандидат ретінде тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін мәслихат депутаттарының сайлауына үміткерлерді ұсыну аяқталады.