ОСК Мәжіліс депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттар сайлауының уақытын белгіледі

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Биылғы жылдың 16-шы қаңтарына тағайындалған Парламент Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттардың сайлауы таңғы сағат 9-30-да басталады.

ОСК Мәжіліс депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттар сайлауының уақытын белгіледі

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы кезекті отырыс барысында осындай қаулы қабылдады.

 Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкованың айтуынша, дауыс беру Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына қатысушылар толық дауыс беріп біткенге дейін жалғасады.