15:05, 24 Қараша 2011 | GMT +5
ОСК Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауы құжаттарының кейбір нысандарын белгілеу туралы қаулы қабылдады
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы кезекті отырыс барысында 2012 жылдың 15-ші қаңтарына тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің

фракциялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауы және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы жөніндегі сайлау құжаттарының кейбір нысандарын белгілеу туралы қаулы қабылдады.
Отырыс барысында аталмыш құжатқа байланысты баяндама жасаған Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, қаулыға сәйкес Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауының сайлаушылар тізімі мен сайлау учаскесін ашу туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы белгіленеді. «Біз бұл құжаттарды осыған дейін жеке-жеке белгілеген болатынбыз. Осы жолы оларды біріктіріп белгілеп отырмыз»,-деді ОСК хатшысы.