ОСК Мәжілістің кезектен тыс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын болды

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Орталық сайлау комиссиясы 5-ші сайланатын кезектен тыс Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдаланбайды»,-деді бүгін ОСК төрағасы журналистермен болған брифингте.

ОСК Мәжілістің кезектен тыс және  мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында «Сайлау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын болды

«Сайлауға ақпараттық қолдауға келетін болсақ, ОСК әдеттегідей барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді және журналистер ОСК-ның барлық отырыстарына шақырылады. Сондай-ақ қалыптасқан дәстүр бойынша, ОСК жақын арада тұрақты жұмыс істейтін баспасөз орталығын ашады»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.