ОСК мүшелері өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясының 2 мүшесі өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатты. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ОСК мүшелері өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Атап айтқанда, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Марат Алдоңғарұлы Сәрсенбаев пен Владимир Карлович Фосс өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты.

Бұл мәселе бойынша негізгі баяндаманы Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров жасады.