ОСК-нің кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтауға арналған шығарма тақырыбын іріктеуге еш қатысы жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясының ҚР Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтауға арналған шығарма тақырыбын іріктеуге еш қатысы жоқ.

ОСК-нің кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтауға арналған шығарма тақырыбын іріктеуге еш қатысы жоқ

Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.

«Орталық сайлау комиссиясының шығарма тақырыбын іріктеуге еш қатысы жоқ және толықтай алғанда үміткерлерден емтихан алу әдісі тікелей лингвистикалық комиссияның құзіретіндегі мәселе», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар лингвистикалық комиссия құрамына елімізге есімі белгілі лингвист ғалымдар кіргендігін және олар емтихан алу үлгісі мен шығарма тақырыптарын өздері таңдайтындығын баса айтты.

«Мен бұл емтиханды жеңіл деп ойламаймын. Өйткені, үміткерлердің 5-еуі мемлекеттік тіл сынағынан сүрінген болатын», - деді Т.Охлопкова.