ОСК-ның Жамбыл Ахметбековті ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулысы
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат ҚР Орталық сайлау комиссиясының Жамбыл Аужанұлы Ахметбековті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулысының мәтінін таратады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін.
2. Жамбыл Аужанұлы Ахметбековке Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін.
3. Жамбыл Аужанұлы Ахметбековті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 26 ақпан
№ 31/51