ОСК Парламент Мәжілісінің сайлауы жөнінде алғашқы отырысын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ОСК Парламент Мәжілісінің сайлауы жөнінде алғашқы отырысын өткізді. Орталық сайлау комиссиясының отырысында Елбасы Жарлығына сәйкес ҚР Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы 20 наурызда өтетіні атап көрсетіліп, тиісті қаулы қабылданды.

ОСК Парламент Мәжілісінің сайлауы жөнінде алғашқы отырысын өткізді

Аталмыш мерзім Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңына сәйкес белгіленіп отыр.

Сонымен қатар, Ортсайлауком отырысында Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудың күнтізбелік жоспарлары, сондай-ақ аталған сайлау науқандарын ұйымдастыруға қажетті сайлау құжаттарының үлгілері бекітілді.