ОСК Президенттікке үміткер Мейрамкүл Қожағұлованы кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы қабылдады

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы бүгін Президенттікке үміткер Мейрамкүл Қожағұлованы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы қабылдады.

ОСК Президенттікке үміткер Мейрамкүл Қожағұлованы кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы қабылдады

Комиссияның бүгінгі отырысында аталмыш мәселеге байланысты баяндама жасаған ОСК-ның хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, М.Қожағұлова Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияға келмей қалған. «Осы себепті аталмыш үміткер Конституция мен «ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңының мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін меңгеру бөлігіндегі талаптарына сәйкес емес деп табылды. Жалпы бұл азаматшаға біз арнайы лингвистикалық комиссияға емтихан тапсыру қажеттігі жөнінде ресми хат жібердік. Алайда үміткер белгіленген мерзімде емтихан тапсыруға келмеді. Оның аумақтық сайлау комиссияларымен де байланыспағандығы анықталды. Осы себепті біз бүгін М.Қожағұлованы кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы қабылдауға мәжбүр болып отырмыз», - деді комиссия хатшысы.