ОСК сайлау үдерісін ұйымдастыру мен өткізу мәселесіне қатысты маңызды деген бірқатар құжаттарды қабылдады

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісін ұйымдастыру мен өткізу мәселесіне қатысты маңызды бірқатар құжаттарды қабылдады.
None
None

Олардың бірі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындау, жеткізу және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулықты бекітуге қатысты болып отыр. ОСК хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, аталмыш нұсқаулық бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындау, жеткізу және есепке алу тәртібін айқындайды.

Сонымен қатар отырыс барысында дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбылау немесе мөрлеу тәртібі туралы құсқаулықты бекіту, тағы бір жайт - 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметінің кейбір мәселелеріне қатысты.

Соңғы жаңалықтар