13:01, 11 Қаңтар 2012 | GMT +5
ОСК табыстарын жалпыға жариялауда жалған ақпарат берген 24 кандидатты үміткерлер тізімінен алып тастады
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Орталық сайлау комиссиясы салық декларацияларында қате мәліметтер бергені үшін барлық партиялардан дерлік 24 кандидатты үміткерлер тізімінен алып тастады.
Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдеріне Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті.
БАҚ өкілдерінің тағы да кандидаттар үміткерлер тізімінен алына ма деген сауалына жауап берген ол: «Әзірше бізге Салық комитетінен осындай мәліметтер түскен жоқ. Дегенмен сайлауға екі күн қалғанда қайта қалпына келтіруге де, шығарып тастауға да жол берілмейтіндігін атап өткім келеді», - деді.