ОСК Толыбай Баймурзинді Президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы қабылдады

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның сынынан өтпей қалған Президенттіктен үміткер Толыбай Баймурзинді кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы қабылдады.

ОСК  Толыбай Баймурзинді Президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулы қабылдады

ОСК хатшысы Бақыт Мелдешовтің айтуынша, Т.Баймурзиннің кандидатурасы Конституция мен «ҚР-дағы сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес келмейді. «Оған қатысты барлық материалдар тексерілді. Кеше лингвистикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия өкілдері үміткерді мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деп тапты», - деді комиссия хатшысы.