13:12, 05 Наурыз 2012 | GMT +5
ОСК төрағасы Чуров Владимир Путиннің Ресейдің сайланған президенті болғанын жариялады
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Сайлаудың алдын ала қорытындыларына сүйенген РФ ОСК-нің төрағасы Владимир Чуров Владимир Путиннің бірінші турда РФ-ның президенті болып сайланғанын жария етті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, РФ-ның президенті болып Владимир Владимирович Путин сайланды», - деп мәлімдеді Чуров баспасөз мәслихатында. ОСК-нің төрағасы бұл мәлімдемені жасағаннан кейін сайлау комиссиясының мүшелері қол шапалақтады, оларды ОСК-нің баспасөз орталығында болған бақылаушылар мен журналистер де қолдады.
ОСК-нің хаттамалардың 99,3 пайызын өңдеуден кейінгі мәліметтер бойынша, Путин 63,75 пайыз дауысқа, Геннадий Зюганов - 17,19 пайыз, Михаил Прохоров - 7,82 пайыз дауысқа ие болды. Владимир Жириновский әзірше 6,23%, ал Сергей Миронов - 3,85% дауыс алды.