ОСК Жаңаөзендегі жағдайға байланысты Конституциялық Кеңестің соңғы шешімі негізінде әрекет етеді

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Орталық сайлау комиссиясы Жаңаөзендегі жағдайға байланысты шешімді Конституциялық Кеңестің шешімінен соң қабылдайтын болады», - деп мәлімдеді бүгін, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов аталмыш комиссияның кезекті отырысында.  
None
None

«Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында сайлау өткізбеу жөніндегі Конституциялық кеңестің шешіміне вето қойды. Бұл құжат қазіргі таңда Конституциялық Кеңестің қарауында жатыр. Біз тек Конституциялық Кеңестің осы мәселе бойынша шығарған шешімінен кейін ғана өзіміздің шешіміміздің шығарамыз», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Соңғы жаңалықтар