ОСК: «Желтоқсан» қозғалысының белсендісі Құрманғазы Рахметов Президент болуға бел буған 21-ші үміткер болып отыр

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысқысы келетін тағы бір азамат құжат тапсырды.

ОСК: «Желтоқсан»  қозғалысының белсендісі  Құрманғазы  Рахметов Президент болуға бел буған 21-ші  үміткер болып отыр

Бұл туралы Бүгін Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 1965 жылы туылған Құрманғазы Рахметовты «Желтоқсан» республикалық, халықтық-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр.