Оскар Де Ла Хойя: «Головкин - Альварес айқасының болатынына еш күмән жоқ»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Оскар Де Ла Хойя Foxbusiness.com-ға берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі уақыты келгенде болатынына күмән келтірудің қажеті жоқ деп жауап берді.

Оскар Де Ла Хойя: «Головкин - Альварес  айқасының болатынына еш күмән жоқ»

«Күмәнданатын ештеңе жоқ. Бұл айқасты жанкүйерлер тағатсыздана күтіп жүр. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Канелоның қазіргі бар міндеті алда өтетін Амир Ханмен жекпе-жекте жеңіп шығу. 8 мамырда келесі қарсыластың кім болатынын айтатын боламыз»,-деді ол.