Оскар Де Ла Хойя: Головкин, біз саған қоңырау шаламыз. Ертең таңертең жауап беретініңе сенімді бол
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауль Канело Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя мексикалықтың командасы Геннадий Головкинге олардың алдағы жекпе-жегі туралы хабарласатынын мәлім етті, деп жазды Sports.kz.
«Головкин, ертең таңертең біздің соққан қоңырауымызға жауап беретініңе сенімді бол, - деді Де Ла Хойя.