02:02, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
«Оскар» кімге бұйырады?
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Американдық кино өнерінің академиясы «Оскар» сыйлығына үміткерлерге дауыс беруді аяқтады. Оның нәтижелері 24 ақпан күні Лос-Анджелесте өтетін 24 аталым бойынша жүлделерді салтанатты табыс ету рәсіміне дейін құпияда сақталады.

Бұл туралы Утро.ру хабарлайды.
Биылғы жылы «Оскарға» басты үміткер ретінде Бен Аффлектің "Операция "Арго" фильмі аталуда.
Сондай-ақ бас жүлдеден Михаэль Ханекенің «Махаббат», Квентин Тарантиноның «Джанго азат етілген» вестерні, Стивен Спилбергтің «Линкольн» фильмі, Кэтрин Бигелоудың «Нөмір бірінші нысана» драмасы, Энг Лидің «Пи өмірі» фильмі және т.б. туындылар үмітті.
Осы демалыста өтетін «Оскар» сыйлығын үлестіру салтанаты биыл 85-ші рет ұйымдастырылады. Алғаш рет ол 1929 жылы өткізілген еді. Содан бері талай сынға ұшырағанына қарамастан, «Оскар» кино саласындағы ең беделді сыйлық болып саналады.