Оскар мен Нобель сыйлығын алғандар 100 жасайды
АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Қызмет бабында жоғарылау жүрек қызметін жақсартып, адамның өмір жасын ұзартады. Бес мыңға жуaық адамға сараптама жүргізген ғалымдар соңғы 15 жылды зерттеген.
Тіпті Оскар мен Нобель сыйлығын алғандар да ұзақ жасайды екен. Бұл туралы Алаш айнасы жазады
Meddaily.ru интернет порталының хабарлауынша, қызметшінің қызмет бабындағы жоғарылауы жүрекке жақсы әсер етеді. Лондонның эпидемиологиялық білім беретін оқу орнының профессоры Майкл Мартон мен Калифорния университетінен Майкл Андерсон 4700 адамды зерттеген. Ғалымдардың айтуынша, сараптама нәтижесі мансабы жоғары мамандардың жүрегі соңғы 15 жылдың ішінде 20 %-ға сирек ауыратынын көрсеткен. Айта кетер жайт, зерттеу былтырғы жылы арнаулы ағылшын үкiмет қызметкерлерiне жүргiзiлген. Сондай-ақ жүрегінде туа біткен ақауы бар адамдардың мансабы өте сирек жоғарылайды екен. Бұл мәлімет те сараптама нәтижесінен алынған. Қызметтегі жетістіктердің денсаулыққа еш кері әсері жоқ. Ал қосымша жүргізілген ғылыми тағы бір жұмыстың нәтижесінде Оскар және Нобельдiк сыйлық алған адамдар номинанттарға қарағанда ұзағырақ өмiр сүретiні туралы айтады. Мармонттың айтуынша, денсаулығы мықты адамдардың ғана қызметінде жоғарылауға мүмкіндігі бар.