«Оскар» сыйлығының бес дүркін номинанты, режиссер Пол Мазурски өмірден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 84 жасқа қараған шағында «Оскар» сыйлығының бес дүркін номинанты, американдық режиссер, актер және сценарист Пол Мазурски өмірден озды.
Бұл туралы оның өкілі Нэнси Уиллен хабарлады.
Лос-Анджелестегі ауруханада оның жүрегі соғуын тоқтатқан. Мазурски 1930 жылдың 25 сәуірінде Бруклинде туған. 1953 жылы ол Стэнли Кубриктің «Қорқыныш және құмарлық» картинасына алғаш рет түсті. алғашқы сәтті шыққан режиссерлік жұмыстары - «Боб пен Кэрол» және «Тэд және Элис».
Оған жетістік әкелген фильмдер - «Ғажайыптар әлеміндегі Алекс», «Тұрмыс құрмаған әйел» және «Ғашық болған Блум».
Мазурски сцернарийлер жазып, өзінің барлық 17 фильмінің режиссері болды. Олардың көбі автобиографиялық сипатқа ие. Сонымен бірге, 60-тан астам деректі және көркем фильмдерге түскен.
2013 жылдың желтоқсанында Пол Мазурски Голливудтағы «Даңқ аллеясында» атаулы жұлдыз иегері атанды.