01:33, 27 Наурыз 2013 | GMT +5
«Оскарды» тапсыру салтанаты Сочи-2014-ке байланысты ауыстырылды
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - «Оскарды» табыс ету рәсімі 2014 жылы ақпанда емес, наурыз айында өтетін болды.

Мұндай шешім келесі жылы ақпан айында Сочиде Олимпиада ойындарын өткізуге байланысты қабылданды.
Ойындар-2014 7-23 ақпан аралығында өтеді, ал киносыйлықтар 2 наурызда табыс етілетін болады. «Оскарға» үміттілердің есімдері 2014 жылдың 16 қаңтарында жария етілмек. Ал соңғы дауыс беру 14-25 ақпан аралығында болады.