Өскемен әлемдік титан өндірісінің 25 пайызын қамтамасыз етеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өскемендегі Қазақстандағы жалғыз титан-магний комбинаты әлемдік өнім көлемінің төрттен бірін өндіреді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемен әлемдік титан өндірісінің 25 пайызын қамтамасыз етеді

«Біздегі Титан-магний комбинаты әлемнің жетекші комбинаттарымен бәсекелесіп қана қоймайды. Ол өнімнің 60 пайызын еуропалық Airbus концерніне жеткізеді. Бүгінгі таңда титан-магний комбинаты өнімдерін алу үшін әлемнің авиация компаниялары ғана емес, басқа да көптеген компаниялар таласып жүр», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Өңір басшысы әлемде бар болғаны үш бериллий зауыты мен 5 тантал зауыты жұмыс істейтінін, Қазақстанда аталған бағыттар бойынша бір-бір кәсіпорыннан бар екенін атап өтті.

«Бұл индустриялық әлеуеті сақталған бірегей мүмкіндіктер, ол біздің еліміздің индустриясы екенін мақтанышпен жариялауға мүмкіндік береді», - деді Даниал Ахметов.