22:52, 16 Наурыз 2020 | GMT +5
Өскемен балабақшаларында санитарлық бақылау күшейтілді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы балабақшаларда санитарлық бақылау күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балабақшалар жұмысын тоқтатқан жоқ. Ата-аналарға да мектепке дейінгі мекемелердің ішіне кіруге рұқсат берілген. Алайда ондағы санитарлық бақылау күшейтілетін болады», - деп хабарлады қаладағы коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында құрылған штаб өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде көпшілік орындардағы балалар ойын алаңдары жабылғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ жолаушылар автобустары әр рейс сайын дезинфекцияланып жатыр.
Қала әкімі Жақсылық Омар шаһарда азық-түлік қоры жеткілікті екенін мәлім етті.