«Өскемен-Берел» автожорығына қатысушылар Өскеменде Абай мен Пушкин ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды
«Казправдалықтармен» кездесуде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев журналистерге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді, бұдан кейін тараптар алдағы автожорыққа байланысты пікір алысты.
Еліміздің беделді басылымдарының біріне оқырмандардың қызығушылығы арта түсіп отырғанын айта келіп, облыс әкімі бүгінде аймақта газетке жазылушылар қатары 6 мыңға жетіп отырғанын атап өтті және бұл «бұл да аз» деген пікір айтты.
Облыс басшылығымен жүздесуден кейін журналистер жақында ғана ашылған Абай мен Пушкин ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
«Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ президенті Александр Тараков Шығыс Қазақстан облысына екінші рет келіп отырғанын айтты. Өскеменге ол алғаш рет бұдан бес жыл бұрын «Казправданың» 85 жылдығы тұсында келген болатын.
«Казправдалықтардың» журналистер десанты газеттің мерейтойлық акциясына - ертең басталатын автожорыққа әзірленуде. Экспедиция қатысушыларының басты мақсаты - Берел қорғандарында болып, сақ дәуірінің археологиялық жәдігерлерімен танысу болмақ. Акцияға қазақстандық танымал археолог, тарихшы және ғалым Зейнолла Самашев қатысуда.