Өскемен билігі көмір тапшылығына қатысты қауесетті жоққа шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде көмір тапшылығына қатысты қауесеттерге қарамастан, қоймаларда коммерциялық және жеңілдетілген бағада қатты отын жеткілікті. Бұл туралы қала әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында айтылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

Нақтырақ айтқанда, «ҚТЖ» АҚ-ның Защита бөлімшесінің өкілдері вагондардың жетіп артылатынын, көмір жеткізуде ешқандай мәселенің жоқтығын хабарлаған.

«Шынына келгенде көмірдің мөлшері өткен жылмен салыстырғанда көбірек жеткізілген», - делінген «ҚТЖ» АҚ ақпаратында.

Десе де, жеңілдетілген көмірді алуға құқылы кейбір адамдар тасымал тұрғысынан мәселенің барын жеткізген. Аталған жағдайға байланысты бағдарламаның үйлестірушісі, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сергей Денякин түсініктеме берді.

«Иә, кейде Защитадағы көмірге байланысты Сол жағалауда да, Базовая көшесінде де кептелістер туындап жатады. Қалаға жақын елдімекендердің халқы мен шаһардағы кейбір ұйымдар қараша айы үшін көмірді алдын ала алып қоятындықтан, осындай жағдайлар туындайды. Сонымен бірге, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылғандар ертерек ескертілсе де, көмірге қол жеткізуде соңына дейін іске кіріспей жатады», - дейді Сергей Денякин.

Дегенмен, ағымдағы жылдың 4 тамызында қала әкімдігі мен «Қаражыра» ЖШС арасында қол қойылған меморандумға сәйкес, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған 35 мың тонна көмірдің 27 мың тоннасы таратылып қойған. Көмірдің жеңілдетілген бағасы бойынша тоннасы 7600 теңгеден сатылады. Коммерциялық тұрғыда саудаланатын 230 мың тонна көмірдің 188 мың 718 тоннасы (немесе 80 пайызы) сатылып кеткен.

Соңғы жаңалықтар