Өскемен Бірлік күнін мерекелеуде

ӨСКЕМЕН. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде қаланың бас алаңы - Республика алаңында «Мен - Қазақстанның патриотымын» атты жастар шеруімен мерекелік іс-шаралар басталды.
None
None

Мерекелік саптың салтанатты шеруін Халықтар достығы үйінің өкілдері, жасөспірімдер мен спорт мектептерінің жастары, аймақтың ірі кәсіпорындарының еңбек ұжымдары ашты. Шеруден кейін сол алаңда үлкен мерекелік концерт басталды.

Үлкен қала алаңы спорт, би, ән, ойын, балалар және ересектер жарыстары бойынша бірнеше алаңқайды біріктірді.

Сонымен қатар бүгін барлық қала саябақтары, мұражай кешендері мен стадиондар өз жаңа маусымдарын ашты. Әрбір саябақ алаңында бұл сағаттарда өз бетінше әртістердің өнер көрсетуі мен балалар салған суреттер байқаулары жалғасуда. «Алтай» стадионында авиамоделшілер мен картингистердің көрнекті өнер көрсетулері өтуде.

Дегенмен, Бірлік күнінің мерекелік таңын ашқандар велосипедшілер мен байкерлер болды. Сағат 9-да Даңқ Мемориалынан әуесқой спортшылардың велосипед жарысы басталды және сол уақытта қала байкерлері «Назар аударыңыз: мотоциклші!» іс-шарасын бастады. 70 астам мотоциклшілер дәстүрлі болып кеткен жаңа мотоцикл маусымын ашты.

Қала әкімдігінде қаланың көшелерінде жаңа көктемгі маусымының ашылуы ертең субұрқақ шеруімен және Әміре Қашаубаевтың 125 жылдығына арналған қазақтың дәстүрлі әндерін орындаушылардың үлкен республикалық байқауының ашылуымен жалғасатынан хабарлады.

Соңғы жаңалықтар