Өскемен дүкендеріне ойын терминалын орнатуға тыйым салынды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Дүкеніне ойын терминалын орнатқан кәсіпкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Altaynews-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы МКД Экономикалық тергеу қызметінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі Жандар Ибрагимов мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта ауызекі тілде «сары-жасыл» аталып кеткен терминалдарды орнатуға тыйым салынған. Біз дүкен иелеріне соны түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұдан былай терминал қойған дүкендерді қылмыстық жауапкершілікке тартамыз», - деді Жандар Ибаргимов.