Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып Абзал  Мәулетханов тағайындалды.

Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Фото: Қала әкімдігі

Абзал Асқарұлы Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде және Alikhan Bokeikhan University-де білім алған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 8 жыл. Әр жылдары Зайсан, Алтай, Үржар, Глубокое аудандарында қызмет еткен. Өскемен қаласының қаржы бөлімін басқарған.

Соңғы жұмыс орны – Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін Ішкі істер министрінің бұйрығымен ШҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына полиция полковнигі Төкенов Алмаз Тілегенұлы тағайындалғаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар