Өскемен қаласындағы «Защита» шағын ауданының тұрғындары үшін электр қуатының бағасы төмендетілді

ӨСКЕМЕН. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемен қаласының биілігі мен «Защита» шағын ауданы тұрғындарының өтініші бойынша осы ауданға енді «Шығысэнерготрейд» ЖШС қызмет көрсететін болады. Қарашаның 1-нен бастап «Защита» шағын ауданының халқы бұрынғыдан төмендетілген баға бойынша сапалы энергиямен қаматамасыз етілетін болады - «Шығысэнерготрейд» компаниясы «Защита» ауданында тұратын екі мыңнан астам халыққа энергия тасымалдайды.

Өскемен қаласындағы «Защита» шағын ауданының тұрғындары үшін электр қуатының бағасы төмендетілді

Бір меншіктен екінші жекеменшікке ауыстырылып келгендіктен, осы теміржол ауданының халқын энергия қуатымен қаматамасыз ету ұзақ уақыттан бері шешімін таппаған мәселе болып келген еді. Бұл сұрақты шешу үшін энергетиктер, қарапайым халық пен қала билігі арасынан арнайы комиссия құрылған болатын. Комиссия 2011 жылғы қаңтардың 1-нен бастап Защита ауданының барлық иесіз қалған электржелілерін «ШҚ РЭК» АҚ-ға беру туралы шешім шығарды.

Электр қуаты құнының төмендеуімен қатар, тұтынушылар енді төлемдерді кез келген екінші деңгейлі банк бөлімшелеріне, «Қазпошта» бөлімшелері мен терминалдарына келіп төлей алады, мұндай қызмет түрі бұрын болмаған еді. Халық тікелей энергиямен қамтамасыз етушіге барып есеп жасасатын.