10:56, 17 Сәуір 2025 | GMT +5
Өскемен-Риддер тасжолында екі көлік пен Камаз соқтығысып, 1 адам көз жұмды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Риддер тасжолында жол-көлік оқиғасынан 1 адам мерт болды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты тасжолдың 4-шақырымында болған.
«ВАЗ 2109», «Honda Inspire» жеңіл көліктері мен «Камаз» соқтығысты. Соның салдарынан «ВАЗ 2109» автокөлігінің жүргізушісі сол жерде көз жұмды.
— Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған. Соның қорытындысына қарай процессуалдық шешім қабылданады, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда жүк көлігі сүйретіп келе жатқан автобус жаяу жүргіншіні қағып кеткені жайлы жазғанбыз.