Өскемен – Семей жолының 51 шақырымы жаңартылып жатыр

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысында республикалық маңызы бар «Өскемен – Семей» автожолының 147-198 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

ы
Фото: ҚазАвтоЖол

Жалпы ұзындығы 51 шақырымды құрайтын учаскеде асфальтбетон жамылғысы жонылып, жол жабыны жаңартылып жатыр.

- Жоба аясында қазіргі уақытта 44,8 шақырым аумақта ұсақ түйіршікті асфальтобетон жабыны төселген.

Құрылыс жұмыстарына 23 арнайы техника жұмылдырылған, - деп жазды ҚазАвтоЖолдан.

Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары жол сапасын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және жүргізушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Айта кетейік, СҚО-да республикалық жол учаскесі тоғыз жылдан бері жөнделіп жатыр.